30.11.2012, 17:47 6510

Қазақстан ШЫҰ-ның су және азық-түлік комитеттерін құру туралы бастама көтерді

Қазақстан Шанхай ынтымақтастығы ұйымының азық-түлік және су комитеттерін құруды ұсынады, деп мәлім етті еліміздің ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Толыбаев Ұйымға қатысушы мемлекеттердің ауыл шаруашылығы министрлерінің екінші кеңесінде.

Астана. 30-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан ШЫҰ-ның су және азық-түлік комитеттерін құру туралы бастама көтерді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан Шанхай ынтымақтастығы ұйымының азық-түлік және су комитеттерін құруды ұсынады, деп мәлім етті еліміздің ауыл шаруашылығы вице-министрі Марат Толыбаев Ұйымға қатысушы мемлекеттердің ауыл шаруашылығы министрлерінің екінші кеңесінде.

"2011 жылдың 15 маусымында Астанада өткен ШЫҰ Мемлекет басшылары кеңесінің отырысында Қазақстан Президенті Н.И.Назарбаев Ұйымға мүше мемлекеттердің су және азық-түлік комитеттерін құру туралы ұсыныс айтқан болатын. Тиісті құжаттардың жобалары әзірленіп, тараптардың қарауына жолданды. Қазақстанның ұсынысын қолдауларыңызды сұраймыз", - деді М.Толыбаев өз сөзінде.

Бұл ұсыныстың маңызы сол, аталған комитеттер бүгінгі күннің ең өзекті мәселелері болып табылатын азық түлік қауіпсіздігі мен су қауіпсіздігі мәселелерімен айналысатын орын болады.

"Қазіргі заманда ауыл шаруашылығында су мәселесінің маңызы артып отыр. Шанхай ынтымақтастығы ұйымына қатысушы елдердің барлығы дерлік трансшекаралық өзендерге ие, сондықтан да бұл өзекті мәселе болып табылады", - деп түсіндірді вице-министр.

Оған қоса, М.Толыбаевтың пікірінше, бұл комитеттердің құрылуы ШЫҰ елдерімен арадағы өзара іс-қимылдарды жеделдетуге қолдау болады.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Астанада Шанхай ынтымақтастығы ұйымына қатысушы елдердің ауыл шаруашылығы министрлерінің екінші кеңесі өтті.

Кеңеске қатысушылар мал шаруашылығы, ветеринария, тұқым шаруашылығы, карантин және егін шаруашылығын қорғау, тағы басқа салалардағы ынтымақтастықты әрі қарай дамыту мәселелерін талқылады.

Жиынның қорытындысы бойынша ШЫҰ елдері үкіметтерінің ауыл шаруашылығы саласындағы келісімін іске асыру жөніндегі 2013-2014 жылдарға арналған іс-шаралардың жоспары бекітілмек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны