01.11.2006, 09:06 2618

Қазақстан СІМ Қытай елшісімен екі жақты ынтымақтастық мәселесін талқылады

АСТАНА. 1 қараша. Kazakhstan Today. Кеше Астанада сыртқы істр министрі Қасымжомарт Тоқаев Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Чжан Сиюнді қабылдады, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Кездесу барысында тараптар екі жақты ықпалдастықтың маңызды мәселелерін талқылады. "Атап айтқанда, ҚХР Шыңжаң -Ұйғыр автономиялық округы партиялық комитеті Хатшысы Ван Лэцюанның Қазақстанға сапарының дайындығы туралы сөз болды",-деп хабарлады баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны