Система Orphus

Қазақстан сыртқы істер министрі Америка Құрама Штаттарына сапары барысында мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтонмен кездеседі деп жоспарлануда

30.04.2009, 14:55 4075

Астана. 30 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының сыртқы істер министрі Марат Тәжин 3-5 мамыр аралығында Америка Құрама Штаттарына іссапармен барады деп жоспарланып отыр. Сапар барысында қазақстандық дипломат АҚШ мемлекеттік хатшысы Хиллари Клинтонмен және әкімшіліктің басқа да жоғары лауазымды тұлғаларымен кездесулер өткізеді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Қазақстан сыртқы саяси ведомствосы басшысының алдағы сапары 2006 жылғы екі ел президенттерінің бірлескен мәлімдемесінде бекітілген Қазақстан мен АҚШ арасындағы стратегиялық сұхбатты дамыту тұрғысынан маңызды",- деді ресми өкіл.

Е.Ашықбаевтың айтуынша, жоспарланған кездесулер Астана мен Вашингтон арасындағы стратегиялық әріптестіктің басым бағыттары, атап айтқанда, саяси диалог, экономикалық және энергетикалық серіктестік, ядролық қару таратпау, сауда және инвестициялар, аймақтық қауіпсіздік, демократия мәселелері бойынша ұстанымдарды айқындауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, сапар шеңберінде М.Тәжин "Сыртқы саясат кеңесі" АҚШ ғылыми зерттеу орталығында баяндама жасайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны