20.05.2010, 17:31 3819

Қазақстан сыртқы істер министрі Қырғызстанның Жалал-Абад облысындағы қайғылы оқиғаларға байланысты алаңдаушылық білдірді

Қазақстан сыртқы істер министрі Қырғызстанның Жалал-Абад облысындағы қайғылы оқиғаларға байланысты алаңдаушылық білдірді

Астана. 20 мамыр. Kazakhstan Today - ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы, Қазақстан Республикасының - сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев қайта адам өліміне соқтырған Қырғызстанның оңтүстік Жалал-Абад облысындағы қайғылы оқиғаларға байланысты қатты алаңдаушылық білдірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР СІМ хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Қ. Саудабаев мынадай мәлімдеме жасады:

"Мен барлық тараптарды зорлық-зомбылыққа жол бермей, алдағы уақытта қақтығысты алдын-алуға барлық шараларды қабылдауға және туындаған мәселелерді төзімділік пен ымыраға келу арқылы шешуге шақырамын. Оның үстіне ұлтаралық қақтығысқа мүлдем жол берілмеуі тиіс. Қырғызстанды дағдарыстан шығаруға жағдай туғызатын тәртіп пен заң үстемділігін, келісім мен қоғамдағы тұрақтылықты тез арада қамтамасыз ету қажет.

Қазақстан ЕҚЫҰ іс басындағы төраға ретінде Қырғызстандағы дағдарыстың бірінші күннен бастап оны тұрақтандыруына барынша күш салып келеді. Қырғызстандағы күрделі әлеуметтік-экономикалық жағдайды ескере отырып, Қазақстан президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шешімімен 6 сәуірінде дағдарыс кезеңіне қазақ-қырғыз мемлекеттік шекарасында жасалған шектеулерді 20 мамырдан бастап алды.

Бішкектегі ЕҚЫҰ Орталығы елдің солтүстігіндегі де, оңтүстігіндегі де мәселелерді шешуге белсенді үлес қосып, жағдайға тұрақты мониторинг жасап отыр.

Соңғы уақытта жағдайды тұрақтандыруға қажетті көмек көрсету мақсатында Қырғызстанға ЕҚЫҰ іс басындағы төрағасы, ЕҚЫҰ Бас хатшысы М.П. де Бришамбо, ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясының төрағасы Ж. Соареш, ЕҚЫҰ-ның ұлттық азшылық ісі жөніндегі жоғары комиссары К. Воллебек және басқа да ЕҚЫҰ жоғары деңгейлі өкілдері сапар шекті.

Бүгін мен Қырғызстан уақытша үкіметінің басшысы Роза Отунбаевамен телефон арқылы сөйлестім. Иңгіме барысында мен ол елдегі аяқталмай жатқан қақтығыстарға біздің алаңдаушылығымызды жеткіздім және ЕҚЫҰ-ның, оның институттарының және Бішкектегі орталығының Қырғызстанға тез арада дағдарыстан шығып, әріқарай конституциялық дамуға барынша көмек көрсетуге дайын екендігін айттым".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны