11.04.2008, 19:16 3142

Қазақстан Солтүстік Атлантикалық Альянстың әскери емес жүктерді Ресей Федерациясы мен Орталық Азия аумағы арқылы транзитті тасымалдауын құптап құптап отыр

Қазақстан Солтүстік Атлантикалық Альянстың әскери емес жүктерді Ресей Федерациясы мен Орталық Азия аумағы арқылы транзитті тасымалдауын құптап құптап отыр

Астана. 11 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Солтүстік Атлантикалық Альянстың әскери емес жүктерді Ресей Федерациясы мен Орталық Азия аумағы арқылы транзитті тасымалдауын құптап отыр. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында Солтүстік Атлантикалық Альянстың Бас хатшысының арнайы өкілі Роберт Симмонс жария етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

" Қазақстан үкіметімен бұл жөнінде келіссөздер бүгін басталды. Изірге бұл мәселе бойынша оңтайлы көз қарас білдіріліп отыр ", - деді Р.Симмонс.

Бұдан ертерек Ресей мен Солтүстік Атлантикалық Альянс Ресей территориясы арқылы Ауғанстанға әскери емес жүктерді жеткізу жөнінде келісімге келген болатын. Тиісті келісім шарт 4 сәуірде Бухарест саммиті кезінде талқыланып, екі жақты қол қойылған болатын.

" Бұл келісім Ауғанстанда қызмет атқарып жүрген әскерилерге жүкті жеткізудің балама бағытын белгілеу әрекеті. Бұл Ресей Федерациясы арқылы транзиттік жүкті жеткізуге мүмкіндік береді. Ирине Ресей шегарасы Ауғанстаннан алыс болғандықтан, енді Қазақстанмен келіссөздерді жүргізуге тұра келді", - деп атап өтті ол

"Қазақстаннан кейін мен Өзбекстанға барып, тұра осындай мәселені шешуге кірісемін", - деді Солтүстік Атлантикалық Альянстың бас хатшысының арнайы өкілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны