24.04.2009, 13:35 2748

Қазақстан Солтүстік Атлантикалық Альянстың Грузия аумағындағы оқу-жаттығуларына қатысудан бас тартты - Қазақстанның Ресейдегі елшісі

Қазақстан Солтүстік Атлантикалық Альянстың Грузия аумағындағы оқу-жаттығуларына қатысудан бас тартты - Қазақстанның Ресейдегі елшісі

Алматы. 24 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Солтүстік Атлантикалық Альянстың Грузия аумағында мамыр айында өткізуді жоспарлаған оқу-жаттығуларына қатысудан бас тартты. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі Иділбек Жақсыбеков Мәскеуде "Қазақстан Республикасының "Еуропаға апарар жол" бағдарламасы" атты дөңгелек үстел барысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

"Меніңше, оның Қазақстанға мүлдем қажеті жоқ. Біз оған қатысудан бірден бас тарттық, өйткені, Қазақстан - ҰҚШҰ мүшесі", - деді дипломат. Ол Альянспен ынтымақтастыққа дайын екеніне қарамастан, Қазақстанның Солтүстік Атлантикалық Альянстың шараларына қатысып көрмегенін атап өтті.

Елші сонымен бірге Қазақстан Ауғанстан Республикасының аумағы арқылы әскери жүктердің транзиті мәселесі бойынша АҚШ-пен және Солтүстік Атлантикалық Альянспен ынтымақтасуды жоспарлап отырмағанын хабарлады. "Искери транзит бойынша ынтымақтастық мәселесіне келсек, ондай жоспарымыз жоқ",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны