26.11.2012, 17:07 3162

Қазақстан тағы бірнеше мемлекеттермен дипломатиялық қатынас орнатты

ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдері деңгейінде бірлескен коммюникеге қол қою арқылы Қазақстан Бутан корольдігімен, Палау республикасымен, Сент-Винсент және Гренадинамен арада дипломатиялық қатынастар орнатты. Бұл туралы Қазақстан СІМ баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті.

Астана. 26-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстан тағы бірнеше мемлекеттермен дипломатиялық қатынас орнатты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ИНТЕРФАКС-ҚАЗАҚСТАН ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдері деңгейінде бірлескен коммюникеге қол қою арқылы Қазақстан Бутан корольдігімен, Палау республикасымен, Сент-Винсент және Гренадинамен арада дипломатиялық қатынастар орнатты. Бұл туралы Қазақстан СІМ баспасөз хатшысы Ілияс Омаров мәлім етті.

Қазақстандық жақтан құжатқа республиканың БҰҰ жанындағы тұрақты өкілі елші Бірғаным Ийтімова қол қойды, деді ол Астанада дүйсенбіде баспасөз мәслихатында.

СІМ деректеріне қарағанда, Қазақстан әлемде 145 мемлекетпен арада дипломатиялық қатынас орнатқан. Қазақстанның 58 мемлекетте 84 шетелдік мекемесі бар.

Қазақстанда 111 шет мемлекеттің дипломаттары және аймақтық, халықаралық ұйымдардың 23 өкілдігі акредиттелген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны