14.05.2010, 15:34 3462

Қазақстан тарапынан Қырғызстандағы ахуалды тұрақтандыру үшін айрықша белсенді күш салынуда - Бордюжа

Қазақстан тарапынан Қырғызстандағы ахуалды тұрақтандыру үшін айрықша белсенді күш салынуда - Бордюжа

Мәскеу. 14 мамыр. Kazakhstan Today - Қазақстан тарапынан Қырғызстандағы ахуалды тұрақтандыру үшін айрықша белсенді күш салынуда. Бұл туралы бүгін Мәскеуде ҰҚШҰ мемлекет басшыларының 8 мамырда өткен саммитінің қорытындысы жайлы ойымен бөліскен ҰҚШҰ бас хатшысы Николай Бордюжа мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Меніңше, Қазақстан басшылығы бүгінде ұйымға төрағалық жасаушы ел ретінде ЕҚЫҰ желісі бойынша да, ҰҚШҰ желісі бойынша да Қырғызстандағы ахуалды тұрақтандыру үшін барынша күш салып жатқандардың бірі", - деді Н. Бордюжа.

"Ол түсінікті жағдай, өйткені, Қырғызстанда болып жатқан оқиғалардың бәрі де автоматты түрде Қазақстандағы ахуалға өз әсерін тигізеді. Шекараның жабылу себебі де міне осыда, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді шешу үшін ең сүбелі көмектің Қырғызстанға Қазақстан тарапынан көрсетіліп жатуының себебі де міне осыда", - деді ол.

Бұған қоса Н. Бордюжа Қырғызстандағы ахуал тез арада реттеледі дегенге сенім білдірді. "Қайтадан қан төгілмейді, Қырғызстанда азаматтық соғыс болмайды деген үмітім үлкен. Уақытша үкімет тарапынан бүгінгі күні елде қалыптасып отырған шиеленісті ахуалды реттеу үшін қолдан келгеннің бәрі жасалып жатқанын мен көріп отырмын", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны