25.06.2009, 12:40 1264

Қазақстан тәркіленіп жатқан ауған есірткісінің көбейе түсуіне алаңдаулы - ҚР СІМ

Қазақстан тәркіленіп жатқан ауған есірткісінің көбейе түсуіне алаңдаулы - ҚР СІМ

Астана. 25 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан тәркіленіп жатқан ауған есірткісінің көбейе түсуіне алаңдаулы. Бұл туралы бүгін Еуроатлантикалық әріптестік кеңесінің ІІІ қауіпсіздік форумында ҚР СІМ-нің сыртқы саяси талдау және жоспарлау комитетінің төрағасы Марат Шайхутдинов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Қазақстан Ауғанстаннан есірткі тасымалдау және есірткі саудасы проблемасының шиеленісе, күрделілене түсуіне алаңдаулы. Кейінгі жылдары Ауғанстанда өндіріліп, елімізде тәркіленіп жатқан есірткі көлемі бірнеше еселеп өсті", - деп мәлімдеді М. Шайхутдинов.

М. Шайхутдиновтың айтуынша, "Қазақстан мен оның көршілері транзит елден есірткі тұтынушы елдерге айналып барады".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне
гиперсілтеме жасау міндетті.
«Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны