07.12.2011, 18:14 3361

Қазақстан тәуелсіздігінің басты жетістігі өз тағдырын өзі таңдау мүмкіндігіне қол жеткізу

2011 жылдың 7 желтоқсанында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған "АҚ ЖОЛ" ҚДП-ның Орталық Кеңесінің салтанатты мәжілісі өтті.

Астана. 7-желтоқсан. Kazakhstan Today - Қазақстан тәуелсіздігінің басты жетістігі өз тағдырын өзі таңдау мүмкіндігіне қол жеткізу, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ақ жол" ҚДП баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2011 жылдың 7 желтоқсанында Қазақстан Тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған "АҚ ЖОЛ" ҚДП-ның Орталық Кеңесінің салтанатты мәжілісі өтті.

"Қазақстан аз уақыттың ішінде нарықтық экономикалы елге айналып, қоғамдық, әлеуметтік тұрғыда тұрақты даму жолына түсті. Ирине, барлық проблемалар шешімін тапты деп айтуға болмас. Соның ішінде, ауылдың болашағы, әлеуметтік жағдайы төмен отандастардың мәселесі және т.б. бар. Алайда, бұл дүниеде барлық проблеманы 100 пайыз шешіп берген мемлекет жоқ екенін де мойындауымыз қажет", - деп мәлім етті "Ақ жол" ҚДП төрағасы А.Перуашев, Тәуелсіздіктің 20-жылдығына арналған Орталық Кеңестің отырысында.

"Ең бастысы, ел тағдыры - өзіміздің қолымызда. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі, меніңше, осы. Сондықтан осы жылдары атқарылған шаруаға әділ баға беруіміз қажет. Ол баға, әрине, өте жоғары",- деді төраға.

Ол сондай-ақ, "Қазақстанның Еуропадағы Қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына төрағалық етуі - үлкен тарихи, мақтанарлық оқиға. Қазақстан ядролық қарудан бас тартқан әлемдегі тұңғыш мемлекет. Мұның бәрі де елдің бірлігінің, еңбекқорлығының және Тұңғыш Президентіміз, Елбасы Н.Назарбаевтың арқасы", - деп атап өтті.

Кеңесте Мемлекет басшысының Жарлығымен "Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл" мемлекеттік медальдарымен мараппатталған "ақжолдықтарға" құрмет көрсетілді. Олар - А.Айталы, "Ақ жол" партиясы Ақсақалдар кеңесінің төрағасы; С.Байдалы, "Ақ жол" партиясы Орталық аппараты идеология бөлімінің жетекшісі; Ш.Джарасова, "Меланж" АҚ президенті, "Ақ жол" партиясы Орталық Кеңесінің мүшесі; Л.Жуланова, "Ақ жол" партиясы төрағасының орынбасары; Иса Қазбек, "Жас қазақ үні" газетінің бас редакторы; М.Пәттеев, "Ақ жол" партиясы Түркістан қалалық бөлімшесінің төрағасы; И.Сұлтанов, "Ақ жол" партиясы Орталық аппаратының жетекшісі.

Кеңесте "Ақ жол" партиясының Сайлауалды Тұғырнамасы бекітілді. Орталық Кеңес құрамы өзгертілді. Кеңесте партияның сайлауалды ұйымдастыру мәселелері де талқыланды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны