16.07.2012, 13:09 2885

Қазақстан Тәжікстан Республикасына гуманитарлық көмек көрсетеді

ҚР Үкіметінің қаулысымен мемлекеттік материалдық резервтен Тәжікстан Республикасына ресми гуманитарлық көмек көрсету үшін азық-түлік бөлінді.

Астана. 16-шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан Тәжікстан Республикасына гуманитарлық көмек көрсетеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР Үкіметінің қаулысымен мемлекеттік материалдық резервтен Тәжікстан Республикасына ресми гуманитарлық көмек көрсету үшін азық-түлік бөлінді.

Бұл ақпаратты ҚР ТЖМ баспасөз қызметі таратып отыр.

80 мың литр өсімдік майы мен 120 тонна астық ұны түріндегі гуманитарлық көмектің жалпы сомасы 39 912 мың теңгені құрайды. Көмек Тәжікстан Республикасына қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты бөлінді.

Гуманитарлық жүк Тәжістан Республикасы Үкіметі жанындағы Мемлекеттік материалдық резервтер агенттігінің қарауына беріледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны