04.07.2008, 19:00 2885

Қазақстан Тәжікстандағы инвестициялық жобаларға қатысудан мүдделі

Қазақстан Тәжікстандағы инвестициялық жобаларға қатысудан мүдделі

Душанбе. 4 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Тәжікстандағы инвестициялық жобаларға, соның ішінде Рогун СЭС салып бітіру жобасына қатысудан мүдделі. Бұл туралы Қазақстанның Тәжікстандағы төтенше және өкілетті елшісі Ибутәліп Ахметов бүгн өткен баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Тәжікстанда қазақ компаниялары жұмыс істейді, олар өз іс-қызметінің аясын кеңейтуден мүдделі. Сонымен бірге, күн тәртібінде тұрған мәселелердің бірі -Душанбеде жұмыссыз тоқтап тұрған зауыттарды сатып алып іске қосу", - деді дипломат.

Сондай-ақ, елшінің айтуынша, " Э. Рахмонның Астанаға сапары аясында жүзбе-жүз және кеңейтілген құрамдағы кездесулер өтеді". "Бірақ дәл қазір күн тәртібіне қандай мәселелер енгізілгенін дөп басып айта алмаймын", - деді елші.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны