14.01.2009, 18:13 3027

Қазақстан Тәжікстанға 12 млн доллардың ресми қайырымдылық көмегін жібереді

Қазақстан Тәжікстанға 12 млн доллардың ресми қайырымдылық көмегін жібереді

Душанбе. 14 қаңтар. "Қазақстан Бүгін"- Қазақстан Тәжікстанға 12 млн доллардың ресми қайырымдылық көмегін жібереді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Қазақстан Бүгін тілшісі.

"Тәжікстанда қалыптасып отырған экономикалық ахуалға байланысты Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның өзара уағдаластығына байланысты Қазақстан осы елге 12 млн доллардың ресми қайырымдылық көмегін жібереді",- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Азия Плюс" ақпараттық агенттігінің мәліметіне сәйкес, "бұл жөнінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонның арасында болған телефон сұхбаты кезінде айтылды. Атап айтсақ, бұл қаржыға Тәжікстанға 29 мың тонна мазут, 9 мың тонна дизельдік отын, 12,5 мың тонна астық т.б беріледі", - деп хабарлайды агенттік.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны