18.10.2006, 11:30 2751

Қазақстан ТМД-ға қатысушы елдердің құқықтық ақпаратпен мемлекетаралық алмасу орталығын құруды ұсынады

АСТАНА. 18-қазан. Kazakhstan Today. Қазақстан ТМД-ға қатысушы елдердің құқықтық ақпаратпен мемлекетаралық алмасу орталығын құруды ұсынады. Бұл туралы ТМД-ға қатысушы елдердің құқық қорғау мекемелері ақпараттық қызметтері жетекшілерінің мемлекетаралық конференциясында сөз сөйлеген ҚР Бас прокурорының орынбасары - бас прокуратураның арнаулы есеп және құқықтық статистика жөніндегі комитетінің төрағасы Георгий Ким мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Ведомстволық ақпараттық жүйелерді біртұтас интеграцияламайынша, оларды ұлтаралық деңгейде байланыстырмайынша, қазіргі қатерлерге жауап бере алатындай ақпараттық ықпалдастықты қамтамасыз ету мүмкін емес",- деді Г.Ким. "Біздің ұсынысымыз біртұтас стандарттар мен эталондарға, трансұлттық қылмысқа қарсы тұрудың біртұтас әдістері мен оны бағалаудың біртұтас критерийлеріне көшуге септігін тигізіп, жалпы алғанда қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектеседі деп сенеміз",- деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны