17.08.2012, 18:23 2893

Қазақстан Тувалумен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды

17 тамызда Сингапур қаласында Қазақстан Республикасының Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев пен Тувалу мемлекетінің Сыртқы істер министрі Аписай Лелемия (Apisai Ielemia) Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Сингапур. 17-тамыз. Kazakhstan Today -Сингапур қаласында ҚР елшісі Е.Баударбек-Қожатаев Тынық мұхит батыс жағалауы елдерінің сыртқы саяси ведомство басшыларымен кездесулер өткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

17 тамызда Сингапур қаласында Қазақстан Республикасының Елшісі Ерлан Баударбек-Қожатаев пен Тувалу мемлекетінің Сыртқы істер министрі Аписай Лелемия (Apisai Ielemia) Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум екіжақты қатынастарды нығайтуға бағытталған және халықаралық ұйымдар аясында екі елдің тығыз ынтымақтастығына негіз қалайды.

Аписай Лелемия атап айтқандай, "құжатқа қол қойылу біздің мемлекеттеріміз арасында қатынастардың одан әрі дамуына оң серпін береді және достас елдер шеңберін кеңейтуге ұмтылған Тувалу үкіметінің сыртқы саясатына сай келеді".

Сонымен қатар Сингапурда өткен Тынық мұхит өңірінің форумы аясында Елші Е.Баударбек-Қожатаев көпжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылау мақсатында Вануату Республикасы, Соломон аралдары, Науру Республикасы сыртқысаяси мекемелері басшыларымен кездесу өткізді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны