30.06.2008, 16:17 3047

Қазақстан үкімет басшысы АҚШ Конгрессі өкілдер палатасының мүшелерімен кездесті

Қазақстан үкімет басшысы АҚШ Конгрессі өкілдер палатасының мүшелерімен кездесті

Астана. 30- маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгінАҚШ-тың Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссиясының төрағасы Элси Хастингс бастаған АҚШ Конгрессі өкілдер палатасының мүшелерімен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, тараптар Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық ынтымақтастық мәселесін талқылады. Қазақстан экономикасының әртүрлі секторының инвестиция саласындағы екі жақты ынтымақтастықты күшейту туралы пікір алмасылды.

Кездесу барысында тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы Қазақстан-АҚШ ынтымақтастығын нығайту және кеңейту қажеттігіне тоқталды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны