26.05.2008, 18:43 2748

Қазақстан үкімет басшысы АҚШ конгрессі өкілдерімен кездесуде үкіметтің қолданыстағы келісімдердің тұрақтылығына кепіл болатынына тоқталды

Қазақстан үкімет басшысы АҚШ конгрессі өкілдерімен кездесуде үкіметтің қолданыстағы келісімдердің тұрақтылығына кепіл болатынына тоқталды

Астана. 26 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы АҚШ конгрессі өкілдерімен кездесуде үкіметтің қолданыстағы келісімдердің тұрақтылығына кепіл болатынына тоқталды, деп хабарлайды агенттік үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Өкілдер паласының табиғи ресурстар жөніндегі комитетінің төрағасы Ник Рэйхэлл бастаған АҚШ-тың конгресінің делегациясымен кездесті.

Тараптар екі жақты саяси және экономикалық ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

"Қазақстан мен АҚШ арасында өте тығыз өзара қарым-қатынас орныққан. Біз үшін ең маңызды дерек, осы күнгі күрделі дерлік кезеңде өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселесінде Қазақстан АҚШ-тың әріптесі болып табылады",- деді Н. Рэйхэлл.

Кәрім Мәсімов Қазақстан АҚШ-тың Орталық Азиядағы ірі сауда және инвестициялық әріптесі ретінде толыққанды, ашық және сындарлы әріптестік ынтымақтастықтың қағидаттарын қолдауды жалғастыра беретінін атап өтті.

Конгресмендер Қазақстанның экономикалық дамуының деңгейін жоғары бағалай келе, мұнайгаз және энергетикалық саладағы жетістіктерді ерекше атап көрсетті.

Қазақстанның премьер-министрі американдық компаниялардың инвестиясы үшін Қазақстанның мұнайгаз секторының ашықтығын атап өтті.

Кездесу барысында өзара тиімді инвестициялау, ауыл шаруашылығы және өзге де салалардағы бірқатар мәселелер жөнінде пікір алмасылды. Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен АҚШ арасындағы екі жақты қарым-қатынастардың одан әрі дамуына сенім білдірді.

АҚШ конгресі делегациясының құрамына Батыс Вирджиния, Калифорния, Иллинойс, Луизиана және Джорджия штаттарының өкілдері енген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны