08.06.2009, 15:49 1267

Қазақстан үкімет басшысы ЕурАзЭҚ үкіметаралық кеңесінің 23-отырысына қатысады

Қазақстан үкімет басшысы ЕурАзЭҚ үкіметаралық кеңесінің 23-отырысына қатысады

Астана. 8 маусым. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер - министрі Кәрім Мәсімов Мәскеуде 9 маусымда өтетінЕурАзиялық экономикалық қоғамдастығы (ЕурАзЭҚ) үкіметаралық кеңесінің 23-отырысына қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

Отырыс барысында ЕурАзЭҚ елдері үкімет басшыларының "Қауымдастыққа мүше елдердің экономикалық ахуалы және ортақ шешімді қажет ететін экономикалық әрекеттестіктер мәселелері жөніндегі" баяндамалары тыңдалады, сонымен қатар ЕурАзЭҚтың дағдарысқа қарсы қор құру туралы және қор қаржысын басқару туралы келісімді қабылдау жоспарлануда.

Бұған қоса, үкіметаралық кеңес отырысында ақпараттық, қаржы және ұйымдастыру мәселелері қарастырылмақ.

Сондай-ақ, 9-10 маусымда Қазақстан премьер-министрі К.Мәсімов Беларусь Республикасына ресми сапар жасап, Беларусь басшылығымен бірқатар келессөздер өткізеді.

Аталған келіссөздер Қазақстан мен Беларусь арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық қатынастар тақырыбында өтпек. Тараптар екі жақты қатынастардың қазіргі ахуалы мен болашағын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастық жайын талқылайды.

Келіссөздердің қорытындысы бойынша екі мемлекеттің әр түрлі салалардағы өзара іс-қимылды тереңдетуге бағытталған бірнеше құжаттарға қол қоюы жоспарлануда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны