07.10.2009, 11:59 1483

Қазақстан үкімет басшысы мен Иран вице - президенті екі жақты сауда - экономикалық және мәдени - гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан үкімет басшысы мен Иран вице - президенті екі жақты сауда - экономикалық және мәдени - гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады

Астана. 7 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов кеше Бүкіләлемдік Туризм ұйымының 18-ші Бас Ассамблеясының жұмысына қатысу үшін Астанаға келген Иран Ислам Республикасының вице - президенті Хамид Бакоимен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесуде екі жақты сауда - экономикалық және мәдени - гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.

Атап айтқанда, қаржы саласындағы өзара іс - қимылды кеңейтудің мүмкіндіктері, сондай - ақ, көлік және туризм салаларындағы қарым - қатынастарды дамыту жайы қаралды.

Кездесу соңында тараптар Қазақстан мен Иран арасындағы байланыстардың әрі қарай нығая түсетініне сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны