11.12.2009, 08:42 1563

Қазақстан үкімет басшысы мен Мәскеу мэрі өзара ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады

Қазақстан үкімет басшысы мен Мәскеу мэрі өзара ынтымақтастықты дамыту жайын талқылады

Астана. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today - Мәскеуде кеше Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Ресей астанасының мэрі Юрий Лужковпен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Кездесу барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы ынтымақтастықты дамыту, атап айтқанда, екі елдің астаналары арасындағы өзара байланыстардың аясында қалыптасқан әлеуетті және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мәселелері бойынша әңгіме өрбіді.

Тараптар ынтымақтастықты кеңейтуге әзір екенін атап өтіп, өзара қарым - қатынастардың баянды болатынына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны