20.05.2009, 16:20 2832

Қазақстан үкімет басшысы мен ТМД атқарушы хатшысы Астанада өтетін үкімет басшылары кеңесінің күн тәртібіндегі кейбір мәселелерді талқылады

Қазақстан үкімет басшысы мен ТМД атқарушы хатшысы Астанада өтетін үкімет басшылары кеңесінің күн тәртібіндегі кейбір мәселелерді талқылады

Астана. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының атқарушы хатшысы - Атқару комитетінің төрағасы Сергей Лебедевпен кездесті. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында биыл 22 мамырда Астана қаласында өтетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкімет басшылары кеңесінің (ТМД ҮБК) күн тәртібіндегі кейбір мәселелер талқыланды.

Тараптар ТМД ҮБК қатысушылардың барлығы да үйлесімді өзара іс-қимылға дайын екенін атап өтіп, алдағы мәжілістің нәтижелі боларына сенім білдірді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны