13.07.2009, 18:49 2810

Қазақстан үкімет басшысы Оңтүстік Кореяға ресми сапармен барады

Қазақстан үкімет басшысы Оңтүстік Кореяға ресми сапармен барады

Астана. 13 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Оңтүстік Кореяға ресми сапармен барады және онда екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылайды. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі.

"Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов 19-21 шілдеде Оңтүстік Кореяға ресми сапармен барады", - деді Е. Ашықбаев.

"Үкімет басшысы осы елдің басшылығымен келіссөздер жүргізіп, оның барысында екі жақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты кеңейту, сондай-ақ, Корея Республикасының президенті Ли Мен Бактың ағымдағы жылдың мамыр айында Қазақстанға ресми сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды жүзеге асыру мәселелері талқыланады деп күтілуде", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны