03.10.2008, 16:36 3109

Қазақстан үкімет басшысы ресми сапармен Тәжікстанға барады

Қазақстан үкімет басшысы ресми сапармен Тәжікстанға барады

Душанбе. 3 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов 23-24 қазанда ресми сапармен Тәжікстанға барады, деп хабарлайды агенттік тілшісі Тәжікстан СІМ-іне сілтеме жасап.

Сапар аясында ол Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен, премьер-министр Акил Акиловпен және басқа да ресми тұлғалармен кездеседі.

Сондай-ақ, Қазақстан премьер-министрі сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан- Тәжікстан үкіметаралық комиссиясының кезекті отырысына қатысады, оның қорытындысы бойынша экономикалық сипаттағы бірқатар құжаттарға қол қойылады деп күтілуде.

Тәжікстандағы Қазақстан елшілігінің хабарлауынша, кейінгі 5 жылда екі ел арасындағы тауар айналымы 3 есе өсіп, 2007 жылы ол $300 млн асты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны