25.03.2007, 10:38 3303

Қазақстан үкімет басшысы Түрікменстанға сапармен барады

АЛМАТЫ. 25-наурыз. Kazakhstan Today. Қазақстан үкімет басшысы Кәрім Мәсімов жуырда Түрікменстанға сапармен барады. Бұл туралы мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен Түрікменстан астанасында болып, осы елдің президенті Гурбангулы Бердымухаммедовпен кездескен еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов құлағдар етті.

Turkmenistan.ru сайтының Түрікменстан мемлекеттік ақпараттық қызметіне сілтеме жасап хабарлауынша, Гурбангулы Бердымухаммедов пен Бақтықожа Ізмұхамбетов кездесу барысында екі елдің энергетика, соның ішінде мұнайгаз саласындағы ынтымақтастығы аясын кеңейту мүмкіндіктерін талқылады. "Бұл ретте Түрікменстанның табиғи газын осы ел келешегі бар деп санап отырған солтүстік және басқа да бағыттарда Қазақстан аумағы арқылы тасымалдау ауқымын арттыру мәселесіне баса назар аударылды", делінген хабарламада.

Б.Ізмұхамбетов кездесу қорытындысына қанағаттанғандық білдіре отырып, екі жақты ынтымақтастықты дамытудағы келесі қадам - К.Мәсімовтың Ашхабадқа сапары екенін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны