27.07.2011, 18:08 4324

Қазақстан үкіметі жер қойнауын пайдалану және геология салаларындағы саясатты қайта қарастырмақ

"Қазір үкіметте жер қойнауын пайдалану және геология салаларындағы саясат қайта қарастырылуда.

Алматы. 27 шілде. Kazakhstan Today - Қазақстан үкіметі жер қойнауын пайдалану және геология салаларындағы саясатты қайта қарастырмақ, деп мәлімдеді ҚР премьер-министрінің орынбасары, индустрия және жаңа технологиялар министрі Исет Исекешев, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қазір үкіметте жер қойнауын пайдалану және геология салаларындағы саясат қайта қарастырылуда. Біз оны минералдық-шикізаттық база жағдайын тексеру, бекітілген республикалық бағдарламалар мен қол қойылған келісімдердегі жобалардың негізділігі, басымдылығы және тиімділігі тұрғысынан, сондай-ақ, ол жобалардың Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестігі тұрғысынан тексеруді бастадық", - деді И. Исекешев "Казахстанская правда" газетіне берген сұхбатында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны