22.01.2013, 13:39 19268

Қазақстан Украинадан Ан-72 ұшағына жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасын анықтауды сұрауда

"Борттық қондырғыда анықталған бірқатар ақауларға байланысты 2012 жылы ұшақ ресурсын қалпына келтірген Украинаның құқық қорғау органдарына биылғы жылдың 4 қаңтарында халықаралық тергеу тапсырмасы жолданды", - деп ресми өкіл бүгін Астанада қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.

Астана. 22-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан Украинадан Ан-72 ұшағына жүргізілген жөндеу жұмыстарының сапасын анықтауды сұрауда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Борттық қондырғыда анықталған бірқатар ақауларға байланысты 2012 жылы ұшақ ресурсын қалпына келтірген Украинаның құқық қорғау органдарына биылғы жылдың 4 қаңтарында халықаралық тергеу тапсырмасы жолданды", - деп ресми өкіл бүгін Астанада қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.

Оның айтуынша, тапсырмада ұшақты жөндеу үрдісіне байланысты оның ішінде бөлшектер мен агрегаттарды ауыстыру бойынша жүргізілген жұмыс көлемі мен сапасына қатысты мәселелер қойылған.

Бұрын хабарланғандай, Шымкент маңында Ан-72 ұшағының апатқа ұшырауына ұшақтың борттық қондырғысындағы ақаулар, экипаж командирінің ұшаудағы қателігі, қолайсыз ауа-райы себеп болған.

Қазақстан ҰҚК шекара қызметіне тиесілі АН-72 ұшағы Шымкент маңында 25 желтоқсан күні кешкісін апатқа ұшыраған болатын. Ұшақта болған 27 адам түгел қайтыс болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны