30.06.2008, 15:49 2932

Қазақстан ұлтаралық проблемаларды шешуде ЕҚЫҰ төрағасы қызметінде үлкен роль атқара алады - Воллебек

Қазақстан ұлтаралық проблемаларды шешуде ЕҚЫҰ төрағасы қызметінде үлкен роль атқара алады - Воллебек

Астана. 30 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде 2010 жылы ұлтаралық проблемаларды шешуде үлкен роль атқара алады. Бұл туралы бүгін ЕҚЫҰ-ның азшыл ұлттар ісі жөніндегі бас комиссары Кнут Воллебек ҚР СІМ Марат Тәжинмен келіссөздер қорытындысы бойынша журналистерге мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Батыс пен Шығыстың ортасындағы стратегиялық орналасуының арқасында Қазақстан ЕҚЫҰ төрағасы ретінде аса маңызды роль атқара алады", - деді К.Воллебек. Оның айтуынша, "ЕҚЫҰ кеңістігінде бүгінде ұлттық құрамның әртүрлілігіне, жаһандануға, сондай-ақ, түрлі діндер арасындағы қарым-қатынасқа қатысты қатерлер байқалып отыр".

Оның айтуынша, "Қазақстан үкіметі қазір осы мәселелермен айналысуда, сондай-ақ, бұл жұмыстар ел ұйымға төрағалық еткен кезде де жалғасын табады. Мен осы мәселелер бойынша олармен алдағы уақытта да жұмыс істейтіндігіме сенемін", -деді ЕҚЫҰ бас комиссары.

К.Воллебек мен М.Тәжиннің келіссөздері ЕҚЫҰ Парламенттік ассамбелясының 17-ші жыл сайынғы сессиясы аясында Астанада өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны