15.01.2009, 16:35 3161

Қазақстан - Үндістан сауда айналымы осы елдің аймақтағы елдермен сауда қатынастарының жартысынан көбін құрайды

Қазақстан - Үндістан сауда айналымы осы елдің аймақтағы елдермен сауда қатынастарының жартысынан көбін құрайды

Астана. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасы президенті Н. Назарбаев 23-26 қаңтарда Үндістанның үкімет басшысы Манмохан Сингхтың шақыруымен аталмыш елге мемлекеттік сапармен барады, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшысы Үндістанның Республика күні салтанатты шараларына басты құрметті қонақ ретінде қатысады.

Сапар барысында президент Үндістан басшылығымен кездесулер өткізіп, энергетика саласындағы ынтымақтастық, ғарышты бейбіт игеру, мәдени гуманитарлық қатынастар, ақпараттық технологиялар, білім сияқты екіжақты қатынастардың кең ауқымды мәселелері жөнінде пікір алмасып, бірқатар құжаттарға қол қоймақ.

Сапар аясында екі елдің іскерлік топ өкілдері қатысатын, іскерлік қатынастарды арттыру және болшағы бар ортақ жобаларды жүзеге асыру мүмкіншіліктерін қарастыруды мақсат тұтатын инвестициялық бизнес форум өткізілетін болады.

Айта кететін жайт, Қазақстан Орталық Азиядағы Үндістанның ең ірі сауда әріптесі болып табылады. Қазақстан - Үндістан сауда айналымы Үндістанның аймақтағы елдермен сауда қатынастарының жартысынан көбін құрайды.

Қазіргі кезде Үндістан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесі және Илемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары сьезінің жұмыстарына белсенді түрде қатысып, Азиядағы Қазақстанның сыртқы саяси бастамаларына қолдау көрсетуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны