22.01.2007, 17:54 3021

Қазақстан үшін 2006-жылғы ең маңызды жетістік - АҚШ және ЕО мемлекеттерімен жаңа серіктестік мәмілеге келуі болып табылады - ҚР СІМ

АСТАНА. 22 қаңтар.Kazakhstan Today. Қазақстан үшін өткен жылдың ең маңызды жетістігі АҚШ және ЕО мемлекеттерімен жаңа серіктестік мәмілеге келуі болып табылады, деп мәлімдеді ҚР сыртқы істер министрлігінің алқа жиынында министр Марат Тәжин.

"Ең маңызды жетістік - АҚШ және ЕО мемлекеттерімен арадағы жаңа серіктестік мәміле, бұл біздің халықаралық ұстанымымызға қосымша тұрақтылық береді",-деді министр.

Қазақстан бір жыл ішінде "Ресей Федерациясымен одақтастық қарым қатынасты күшейтіп, ҚХР-мен стратегиялық ынтымақтастықты дамытты", - деді ол. Министрдің айтуынша, "біз Батыстан келген серпінді пракматикалық тұрғыда жүзеге асырып, Орталық Азиядағы басты серіктестік мәртебесін Қазақстанға бекіттік".

"Тепе-теңдік сақталған сыртқы саяси бағыт-бағдар іс жүзінде өзінің өміршеңдігін және біздің ұлттық қарым қатынасымызды қамтамасыз етудегі нәтижесін көрсетті. Біз таяу көрші елдермен де және мүдделі мемлекеттермен де прагматикалық, конструктивті және өзара тиімді қарым-қатынас орната алдық",-деп атап өтті министр. "Қазақстанның хас дұшпаны жоқ, ұлттық мүддені қорғай отырып, біз шиеленіске жол бермедік",-деді сыртқы істер министрі.

"Бүгінде Қазақстан аймақтағы ауыр геосаяси жағдайда, тұрақтылық пен қауіпсіздікті төнген қатерлер ушыға түскен , әлемдік орталықтардың аймақтық проблематикаға ықпал етуге деген құштарлығы артып отырған тұста, өзін табысты дамып келе жатқан үлгілі ел ретінде көрсете алады",-деді М.Тәжин.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны