12.01.2012, 13:43 3806

Қазақстан, Изірбайжан мен Ресей ТМД бірыңғай ислам банкін құрмақ

Изірбайжанның халықаралық банкі (ИХБ) және ресейлік ВТБ банкі ТМД кеңістігінде бірыңғай исалм банкін құруға Қазақстанның жетекші банктерінің бірін тартуды жоспарлауда, деп айтылған Изірбайжан халықаралық банкінің ислам банкингін құру жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Бехнам Гурбанзаде таратқан хабарламада.

Астана. 12-қаңтар. Kazakhstan Today - Қазақстан, Изірбайжан мен Ресей ТМД бірыңғай ислам банкін құрмақ, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚазАқпарат агенттігі әзірбайжандық "Тренд" агенттігіне сілтеме жасай отырып хабарлайды. Изірбайжан халықаралық банкінің ислам банкингін құру жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Бехнам Гурбанзадеге сілтеме жасап хабарлады.

Изірбайжанның халықаралық банкі (ИХБ) және ресейлік ВТБ банкі ТМД кеңістігінде бірыңғай исалм банкін құруға Қазақстанның жетекші банктерінің бірін тартуды жоспарлауда, деп айтылған Изірбайжан халықаралық банкінің ислам банкингін құру жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі Бехнам Гурбанзаде таратқан хабарламада.

"Өткен жылдың желтоқсан айының басында өткен ТМД қатысушы-мемлекеттерінің Баку халықаралық төртінші конференциясында ИХБ Достастық елдеріндегі исламдық қаржыландыруды дамыту жөніндегі аймақтық орталық және тұғырнама ретінде таңдалды. Қазір бұл бағытта жұмыс жүргізілуде, алайда ол әзірге хат алмасу сатысында ғана", - деді Б.Гурбанзаде.

"Біз күш-жігерімізді ТМД Қаржылық-банк кеңесі арқылы біріктіреміз. Болашақта біз бұл ынтымақтастыққа Қазақстанның жетекші банктерінің бірін тартып, үштік одақ құрмақпыз", - деді Б.Гурбанзаде.

Оның айтуынша, Қаржылық-банк кеңесі тиісті үкіметтік органдармен келіссөздер жүргізіп, ТМД елдерінде исламдық банк қызметін қамтамасыз ету көзделіп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны