10.09.2012, 12:35 5050

Қазақстан Вьетнамды Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды стратегиялық серіктесі ретінде қарайды

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Чыонг Тан Шангтің кездесуінде ҚР басшысы Вьетнамның соңғы жылдардағы халықаралық саяси аренадағы, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және саяси жоспардағы жетістіктері үшін қуанатынын жеткізді.

Астана. 10-қыркүйек. Kazakhstan Today - Қазақстан Вьетнамды Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды стратегиялық серіктесі ретінде қарайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Вьетнам Социалистік Республикасының Президенті Чыонг Тан Шангтің кездесуінде ҚР басшысы Вьетнамның соңғы жылдардағы халықаралық саяси аренадағы, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық және саяси жоспардағы жетістіктері үшін қуанатынын жеткізді.

"Қазақстан Вьетнамды Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды стратегиялық серіктесі ретінде қарастырады. Екіжақты қарым-қатынастар кеңейіп, тереңдей түсуде. Біздің елдердің экономикалық ынтымақтастығы әзірге біркелкі дамуда, енді басталып жатыр деуге болады. Алайда соңғы бір-бір жарым жылда қарқын алды, екі еседей артты", - деп мәлім етті Н.Назарбаев.

Оның сөзіне қарағанда, қазіргі Қазақстанда өтіп жатқан Вьетнамның мәдени күндері мен Астана мен Ханое арасындағы қарқын алған қарым-қатынастар біздің халықтарды жақындастырып, экономикалық және саяси ынтымақтастық саласындағы жағдайды жақсартады.

"Менің сапарым кезінде біз қол қойған келісімдер, бүгінгі келісімдер біздің халықтарды жақындастыруға және ынтымақтастықты дамытуға мүмкіндік жасайды", - деді Мемлекет басшысы.

Чыонг Тан Шанг өз кезегінде Қазақстанға келгеніне қуанышты екенін білдіріп, жылы қабылдағаны үшін алғыс айтты. Сонымен бірге ол Қазақстанның әлемдегі қол жеткізген жетістіктері айтарлықтай үлкен екенін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны