27.03.2008, 15:35 2838

Қазақстан заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес жөніндегі құзыретті органдардың үйлестіру кеңесінің іс-қызметіне Ауғанстан өкілдерін де тартудан үмітті - ҚР ІІМ есірткі саудасымен күрес комитетінің төрағасы

Қазақстан заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес жөніндегі құзыретті органдардың үйлестіру кеңесінің іс-қызметіне Ауғанстан өкілдерін де тартудан үмітті - ҚР ІІМ есірткі саудасымен күрес комитетінің төрағасы

Астана. 27 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес жөніндегі құзыретті органдар жетекшілерінің үйлестіру кеңесінің іс-қызметіне Ауғанстанның арнаулы қызметтері мен құқық қорғау органдарының өкілдерін де тартудан үмітті. Бұл туралы бүгін ҚР ІІМ есірткі саудасымен күрес және есірткі айналымын қадағалау комитетінің төрағасы Маратқали Нүкенов журналистерге берген сұхбатында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Біз заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес жөніндегі құзыретті органдардың үйлестіру кеңесінің іс-қызметіне Ауғанстан өкілдерін де тартқымыз келеді", - деді М. Нүкенов. "Олар осы жолғы отырысқа қатысуға ниет білдірді, бірақ қандайбір кедергі болған шығар, келе алмады", - деді ол.

"Бірақ біз кеңестің кезекті отырысын биыл өткізетін болсақ, осы шараға Ауған жағын тартуға тырысатын боламыз, есірткі саудасына бірлесіп қарсы тұру үшін", -деді комитет төрағасы.

Оның айтуынша, егер 2007 жылы Ауғанстанда апиын өндіру көлемі 8200 тоннаға жетсе, биыл ол 10 000 тоннаға жетеді деген болжам бар.

Сонымен бірге, М. Нүкенов үйлестіру кеңесіне бақылаушы ретінде қатысып отырған Өзбекстан да уақыт өте келе оның толыққанды мүшесіне айналады дегенге сенім білдірді. "Егер бәрі дұрыс болса, Өзбекстан заңсыз есірткі айналымына қарсы күрес жөніндегі құзыретті органдар жетекшілерінің үйлестіру кеңесіне бірігеді, ал ол саяси жағынан да, тәжірибелік жағынан да маңызға ие, өйткені, Өзбекстан Тәжікстан және Қырғызстанмен бірдей Ауғанстан мен біздің еліміз арасындағы өзіндік бір буферлік аймақ болып табылады", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны