25.04.2013, 13:18 114810

Қазақстан және Беларусьтің Үкімет басшылары сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара жоғарғы деңгейдегі түсіністік пен сенімді атай отырып, С.Ахметов "елдеріміздің арасындағы интеграциялық процестерді тереңдете түсу Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдықтардың бірі болып табылады",-деді.

Астана. 25-сәуір. Kazakhstan Today - Бүгін Беларусь Республикасына ресми сапармен барған ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов өзінің әріптесі Михаил Мясниковичпен келіссөз жүргізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Оңаша кездесуде Қазақстан-Беларусь екіжақты қарым-қатынасы, оның ішінде сауда-экономикалық саладағы байланыстарды одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.

Қазақстан мен Беларусь арасындағы өзара жоғарғы деңгейдегі түсіністік пен сенімді атай отырып, С.Ахметов "елдеріміздің арасындағы интеграциялық процестерді тереңдете түсу Қазақстанның сыртқы саясатындағы басымдықтардың бірі болып табылады",-деді.

"Біздің елдеріміз арасындағы тауар айналымы өткен жылдың қортындысы бойынша 1 млрд. АҚШ долларына артты және бізде оны таяу жылдары екі есеге ұлғайтудың барлық мүмкіндіктері бар",-деп түйіндеді С.Ахметов.

Өз кезегінде, М.Мясникович "Қазақстан мен Беларусьтің сауда-экономикалық саладағы байланыстарды дамытуына мүмкіндіктері мол",-деді.

"Біз инвестициялық байланыстар кезеңінен өттік, енді біздің елдеріміздің алдында ғылыми-техникалық және инновациялық өзара іс-қимылдар үшін жақсы мүмкіндіктер ашылуда, бүгінгі бірлескен құжаттарға қол қоюымыз-соның дәлелі",- деп атап көрсетті М.Мясникович.

Кездесу барысында тараптар сонымен қатар Кеден одағы шеңберінде өзара іс-қимылды дамытып, Бірыңғай экономикалық кеңістікті қалыптастыру мәселелері бойынша пікір алмасты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны