16.08.2006, 09:10 2711

Қазақстан және Ресей президенттерінің Сочидегі кездесуінің қорытындысы бойынша көлік саласындағы келісімге қол қойылды

АСТАНА. 16-тамыз. Kazakhstan Today. Қазақстан және Ресей президенттерінің Сочидегі кездесуінің қорытындысы бойынша көлік саласындағы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің абспасөз қызметіне сілтеме жасап. Мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар министрлігі мен Ресей Федерациясының көлік министрлігі арасында Қазақстан жүгін Ресей Федерациясының аумағы бойынша...

АСТАНА. 16-тамыз. Kazakhstan Today. Қазақстан және Ресей президенттерінің Сочидегі кездесуінің қорытындысы бойынша көлік саласындағы келісімге қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің абспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мемлекет басшыларының қатысуымен Қазақстан Республикасының көлік және коммуникациялар министрлігі мен Ресей Федерациясының көлік министрлігі арасында Қазақстан жүгін Ресей Федерациясының аумағы бойынша, Ресей жүгін Қазақстан Республикасының аумағы бойынша алып өтуге қолайлы тарифтік жағдай туғызу туралы және Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының Үкіметтері арасында Ресей Федерациясының аумағында орналасқан Қазақстан Республикасының теміржол учаскелері бойынша және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан Ресей Федерациясының теміржол учаскелері бойынша жүк тасымалын рәсімдеу және алып өту төлемдерін жасау тәртібі туралы келісімдерге қол қойылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Нұрсұлтан Назарбаев Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа мүше мемлекеттер басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Сочиге барған болатын.

"Бочаров ручей" резиденциясында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей Федерациясының президенті Владимир Путиннің кездесуі болып өтті. Кездесу кезінде екіжақты ынтамықтастық және кеңестік кеңістік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі ықпалдастық мәселелері талқыланды.

- Біздің елдеріміз арасындағы қарым-қатынастар гуманитарлық салада да, экономикада да, саяси деңгейде де аса қарқынды дамып келеді. Мен Қазақстанның халықаралық деңгейде өзіндік роль атқаратынына сенімдімін. Мен бұл жерде Қазақстанның ЕҚЫҰ төрағалығына өтініш білдіруін айтып тұрмын. Біз өз тарапымыздан Қазақстанның кандидатурасын барынша қолдаймыз, - деп атап өтті Владимир Путин.

- Бүгін көлік саласында қол қойылған келісім біздің елдеріміз арасындағы жүк айналымын 30 пайызға арттырады. Үшінші қыркүйекте өтетін шекаралас өңірлер губернаторларының форумында газ саласы бойынша және біздің қарым-қатынастарымызды одан әрі нығайтуға ықпал ететін Қазақстан мен Ресей арасындағы шекарадан өтуді жеңілдету бойынша келісімдерге қол қойылады. Мен кеңестік кезеңнен кейінгі кеңістіктегі ықпалдастық мәселелерін талқылауға әрқашан дайынмын. Біз БЭК шеңберінде ЕурАзЭҚ-қа бейімдеуге болатын 38 құжат дайындадық, - деп атап көрсетті Нұрсұлтан Назарбаев.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны