07.10.2011, 17:51 4349

Қазақстан Жапонияға инновация саласында ынтымақтастық жасау туралы ұсыныс білдірді - баспасөз қызметі

Отырысқа сонымен қатар, "Ұлттық инновациялық қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мүсілім Бектеп және "ҰИҚ" АҚ сыртқы байланыстар департаментінің сарапшысы Ернар Біләлов қатысқан.

6 қазанда Астанада Қазақстан мен Жапонияның экономикалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметтік және жеке секторларының бірлескен комиссиясының кезекті 3-ші мәжілісі өтті. Келіссөздер барысында қазақстан жағын ҚР индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Бақытжан Жақсәлиев, ал жапондық тарапты экономика, сауда және индустрия вице-министрі Хидэичи Окада басқарды.

Отырысқа сонымен қатар, "Ұлттық инновациялық қоры" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Мүсілім Бектеп және "ҰИҚ" АҚ сыртқы байланыстар департаментінің сарапшысы Ернар Біләлов қатысқан.

М. Бектептің өз баяндамасында атап өтуінше, Қор жапондық компаниялармен инновацияны дамыту саласында ынтымақтастық жасау жөнінде, атап айтқанда инновациялық жобаларды бірлесіп жүзеге асыру, Инновациялық технологиялар паркін жобалармен толтыру , форсайттық зерттеулер жүргізу туралы ұсыныс білдірген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны