24.10.2012, 10:57 2944

Қазақстан-австрия экономикалық форумының қорытындысы бойынша 170 миллион еуроны құрайтын құжаттарға қол қойылды

Форум Австрияда ресми сапармен болған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және Австрия Республикасының Федералдық Президенті Хайнц Фишердің қатысуымен өтті.

Вена. 24-қазан. Kazakhstan Today - Бүгін Венада өткен қазақстандық-австриялық экономикалық форумының қорытындылары бойынша жалпы сомасы 170 миллион еуроны құрайтын 19 құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің "Kaznex Invest" экспорт және инвестициялар бойынша Ұлттық агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Форум Австрияда ресми сапармен болған ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың және Австрия Республикасының Федералдық Президенті Хайнц Фишердің қатысуымен өтті.

Экономикалық форумның ұйымдастырушылары - ҚР ИЖТМ Инвестициялар бойынша комитеті, ҚР ИЖТМ "Kaznex Invest" экспорт және инвестициялар бойынша Ұлттық агенттігі, Австрия Республикасының Экономикалық палатасы.

Форумның бірінші құжаты ҚР Сауда-өнеркәсіп палатасы мен АР Экономикалық палатасының екі мемлекет басшыларының қатысуымен қол қойған қазақстандық-австриялық іскерлік кеңесін құру туралы меморандумы болды.

Бүгін барлық қол қойылғандарының арасында 10-ы инвестициялық құжат болып саналады және ол 157,7 млн. еуроға бағаланып отыр. Атап айтқанда, бұл - "Қазмұнайгаз" ҰК" АҚ мен "OMV_Petrom S.A." арасындағы Қазақстан аумағында бірлескен барлау және мұнай мен газ өндіру саласындағы ынтымақтастық, Түркия аумағында мұнай өнімдерінің бөлшек саудасын жүзеге асыру, OMV-Petrom S.A." шетелдік жобалары бойынша ынтымақтастық, сондай-ақ Қазақстанда мұнай-газ машиналарын жасау саласындағы ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумы.

ҚР ИЖТМ "Kaznex Invest" экспорт және инвестициялар бойынша ұлттық агенттігі Бөрлі жез-молибден кенішін игеруге K&K Natural Resources GmbH компаниясымен бірге инвестициялар тартуға ("Copper KZ-CA" және "Astana PromInvest" ЖШС-ларымен бірге); "Herz Armaturen GmbH" компаниясымен құрылыс материалдары өндірісі бойынша; Christof Holding AG және LGP-Infrastruktur- und Projektentwicklung GmbH компанияларымен құрылыс саласына инвестициялар тарту жөнінде бірден 7 меморандум жасасты. Австриялық компаниялар Kaznex Invest қолдауымен сондай-ақ тағы бірқатар жобаларға: AVL List GmbH - моторлар мен двигательдер өндірісіне, DOPPELMAYR Seilbahnen GmbH - туризм саласына, REBLOC GmbH - құрастырмалы бетон жүйесі өндірісіне қатысуды жоспарлауда, Австрия-қазақ қоғамы агенттікпен Қазақстанға әлеуетті австриялық инвесторларды тартуға ынтымақтасатын болады.

Мемлекет басшысы форум ауқымында Қазақстанмен ынтымақтастыққа әзір отырған австриялық кәіпорындардың көрмесін аралап көрді.

Тұтастай алғана, 1995 жылдан 2011 жылды қоса алғандағы аралықта Австриядан Қазақстанға инвестициялардың көлемі шамамен 2,5 миллиард АҚШ долларына жетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны