23.05.2007, 18:12 3733

Қазақстанда Халықаралық қылмыстық сотқа бірігудің орындылығы талқылануда

АСТАНА. 23-мамыр. Kazakhstan Today. Бүгін Астанада "дөңгелек үстелге" қатысушылар Қазақстанның Халықаралық қылмыстық сотқа бірігудің орындылығы жайлы талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз Қазақстан Халықаралық қылмыстық соттың іс-қызметіне бірігуге қатысты тиісті келісім-шарттарын бекітуі қажет деген ұстанымды қолдаймыз",- деді ҚР Бас прокуратурасының қылмыстық істерді соттарда қарау заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы Аман Ибдікәрімов кездесуде.

"Бұл егер Қазақстан азаматы болып табылатын немесе еліміздің аумағында қылмыс жасаған шетел азаматы болып табылатын әскери қылмыскер Халықаралық қылмыстық сотқа қатысушы қандайбір елдің аумағында жасырынып жүрген жағдайда шынында да қажет",- деп атап өткен ол "әзірге мұндай оқиға болған жоқ", деді.

Өз кезегінде ҚР СІМ-нің өкілі Бауыржан Сәрсенбеков: "Қазақстанды Халықаралық қылмыстық сотқа біріктіру жөніндегі келісім-шарттарын бекіту мәселелерін біздің қазақстандық әріптестер әлі де талқылайды, біз сондай-ақ осы мәселел қатысты Еуропалық мемлекеттердің өкілдерімен жұмыс істеп жатырмыз",- деді. "Өкінішке орай, әзірге мен аталмыш құжатты бікітудің орындылығы немесе орынсыздығы төңірегінде қандайбір түсініктеме беруге менің өкілеттілігім жоқ",- деді ол.

Еуропалық Одақтың қолдауымен жүзеге асырылып жатқан "Халықаралық қылмыстық сот туралы Ресей, Түркия және Орталық Азия елдеріндегі ақпараттық және ратификациялық науқан" атты жобаның директорының орынбасары Марин Шайдтың айтуынша, "соттың юрисдикциясына кіретін геноцид және әскери қылмыстар сияқты қылмыс түрлерімен күрес Халықаралық қылмыстық сотқа қатысушы елдердің саны артқан сайын тиімді болмақ". "Егер бұл мүшелікке өтуге қажет болған жағдайда біз ұлттық заңнамаларды сот талаптарымен біріздендіруге көмек көрсетуге дайынбыз",- деді ол.

Халықаралық қылмыстық сот 1998-жылдың 17-шілдесінде құргылды. Ол кезде Римде 120 мемлекет Халықаралық қылмыстық соттың жарғысын қабылдады. Халықаралық қылмыстық сот өз іс-қызметін іс жүзінде 2002-жылдың 1-шілдесінде бастады. Оның юрисдикциясына геноцид, адамзатқа қарсы жасалған қылмыстар мен әскери қылмыстар жатады. Айыпкер Халықаралық қылмыстық сотқа мүше мемлекеттің азаматы болған жағдайда немесе қылмыс Халықаралық қылмыстық сотқа мүше мемлекеттің аумағында жасалғанда осындай қылмыстарды сот қарайды.

Бүгінгі күні Халықаралық қылмыстық сотқа 100 мемлекет мүше. Қазақстан БҰҰ-ның мүшесі ретінде кезінде осы ұйымның жарғысын қабылдауға дауыс берген, алайда әзірге бұл институтқа бірігу жөніндегі келісім-шартын бекіткен жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны