31.03.2008, 15:31 6651

Қазақстанда Кувейт әмірін сапармен келеді деп күтуде

Қазақстанда Кувейт әмірін сапармен келеді деп күтуде

Астана. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда Кувейт әмірі Сабах аль-Ахмад Ас-Сабах сапармен келеді деп күтуде. Биыл болатын осы сапарға дайындық мәселелерін бүгін ҚР СІМ Марат Тәжин мен Кувейт әмірі әкімшілігінің жетекшісі Насер Ас-Сабах талқылады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Сонымен бірге, келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ, Кувейт жағын Қазақстандағы инвестициялық жобаларға атсалыстыру мәселелері талқыланды.

ҚР СІМ бүгін сондай-ақ, Еуропалық Одақтың арнаулы өкілі Пьер Морельмен кездесті. СІМ-нің ақпаратына сәйкес, сұхбат барысында алдағы 9-11 сәуірде Ашхабадта өтетін "ЕО үштігі - Орталық Азия" кездесуіне дайындық барысы талқыланды. Екі жақты ынтымақтастық, соның ішінде адам құқықтары бойынша диалогтың аясын кеңейту мәселелері сарапқа салынды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны