12.07.2007, 14:42 3001

Қазақстанда мәслихаттар депутаттығына 2172 кандидат ұсынылды - ОСК

Қазақстанда мәслихаттар депутаттығына 2172 кандидат ұсынылды - ОСК

АСТАНА. 12-шілде. Kazakhstan Today. Қазақстанда мәслихаттар депутаттығына 2172 кандидат ұсынылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ҚР Орталық сайлау комиссиясының хабарламасына сілтеме жасап.

"2007 жылғы 12 шілдедегі жағдай бойынша мәслихаттар депутаттығына 2172 кандидат ұсынылды",- делінген мекеме таратқан баспасөз баянында.

Олардың ішінен 1537 кандидатты "Нұр Отан" Халықтық демократиялық партиясы, 15 кандидатты Қазақстанның Халықтық Коммунистік партиясы, 2 кандидатты Қазақстанның Коммунистік партиясы, 16 кандидатты Қазақстанның "Ауыл" социал-демократиялық партиясы,1 үкімткерді қазақстанның Патриоттар партиясы, 1 кандидатты "Руханият" партиясы, 9 кандидатты қоғамдық бірлестіктер ұсынды және 591 кандидат өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылды.

Облыстық мәслихаттарға 210 кандидат, оның ішінде Астана қаласының мәслихатына - 8 кандидат және Алматы қаласының мәслихатына - 27 кандидат; аудандық мәслихаттарға - 1644 кандидат; қалалық мәслихаттарға - 318 кандидат ұсынылды.

Мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2007 жылғы 17 шілдеде, ал оларды тіркеу 23 шілдеде аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны