23.07.2007, 16:45 2847

Қазақстанда парламент мәжілісі депутаттарының сайлауына 300-ден астам халықаралық байқаушы тіркелді - СІМ

АСТАНА. 23 шілде. Kazakhstan Today. Қазақстанда қазіргі жағдаймен парламент мәжілісі депутаттарының сайлауына 300-ден астам халықаралық байқаушы тіркелді. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Бүгінде ЕҚЫҰ, Шанхай ынтымақтастығы ұйымы, Еуропа кеңесінің парламенттік ассамблеясы, ТМД секілді халықаралық ұйымдардан 300-ден астам байқаушы тіркелді", - деді Е.Ашықбаев.

Сонымен бірге СІМ өкілінің хабарлауынша, қазіргі жағдаймен сайлау науқаны жайлы хабар таратуға 20-дай шетелдік БАҚ өкілдері аккредитацияланды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны