22.04.2011, 12:45 3833

Қазақстанда ресейлік компаниялар саны өскен

BNews.kz. ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, КО құрылғаннан кейін ресейлік компаниялар жаппай Қазақстанда тіркелуде. Бұл туралы Владимир Путинмен кездесу барысында Ресей өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағының президенті Александр Шохин мәлім етті, - деп жазады GZT.ru.

Алматы. 22 - сәуір. Kazakhstan Today - Қазақстанда ресейлік компаниялар саны өскен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, КО құрылғаннан кейін ресейлік компаниялар жаппай Қазақстанда тіркелуде. Бұл туралы Владимир Путинмен кездесу барысында Ресей өнеркәсіпшілер және кәсіпкерлер одағының президенті Александр Шохин мәлім етті, - деп жазады GZT.ru.

"Ресейдегі іскерлік климат керемет болмай тұр", - деді РӨКО басшысы. А.Шохиннің айтуынша, бұл туралы жетекші ресейлік компаниялардың басшылары сөз қозғап жүр.

Атап айтқанда, ресейлік заңнама сапалық тұрғыдан халықаралық бизнес құқықтан ғана емес, КО кіретін Қазақстаннан да қалып келеді. "Қазақстанда әлеуметтік төлемдер тұрғысынан, сонымен қатар, басқа да бірқатар мәселелер бойынша, атап айтқанда, меншікті қорғау бойынша бизнеске достық қарым-қатынас қалыптасқан", - деді Шохин.

Алайда, ресейлік бюрократия жетекші тәжірибені пайдалануға асықпай отыр. "Өкінішке орай, кейде ведомстволар жағдайды пайдалана отырып, енгізіліп жатқан ұлттық бақылауды одан әрі бюрократиялық етуін көріп жатамыз", - деді РӨКО басшысы.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны