14.01.2012, 16:04 9071

Қазақстандағы әлеуметтік саясат отандық экономиканың әлеуеті мен қуаттылығына сай болуға тиіс

"Бюджеттік саладағы жалақыны коммерциялық саладағы жалақымен тең етуге тырысуымыз қажет. Қазақстандағы әлеуметтік саясат отандық экономиканың әлеуеті мен қуаттылығына сай болуға тиіс",- деп атап өтті партия төрағасының орынбасары Бұрхан Нұрмұхамедов Алматының электромеханикалық зауыты мен Кардиология және ішкі аурулар институтының қызметкерлерімен кездесу барысында.

Алматы. 13-қаңтар. Kazakhstan Today - "Ақ жол" ҚДП пайымдауынша, Қазақстандағы әлеуметтік саясат отандық экономиканың әлеуеті мен қуаттылығына сай болуға тиіс, деп са, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Бюджеттік саладағы жалақыны коммерциялық саладағы жалақымен тең етуге тырысуымыз қажет. Қазақстандағы әлеуметтік саясат отандық экономиканың әлеуеті мен қуаттылығына сай болуға тиіс",- деп атап өтті партия төрағасының орынбасары Бұрхан Нұрмұхамедов Алматының электромеханикалық зауыты мен Кардиология және ішкі аурулар институтының қызметкерлерімен кездесу барысында.

12-қаңтар күні Алматыда "Ақ жол" ҚДП үгіт-нәсихат жүргізу тобы Алматының электромеханикалық зауыты мен Кардиология және ішкі аурулар институтының қызметкерлерімен кездесіп, сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарымен таныстырды.

Илеуетті сайлаушылармен кездесуге партия төрағасының орынбасарлары Бұрхан Нұрмұхамедов пен Людмила Жуланова, ҚР парламент мәжілісінің депутаттығына үміткер Арман Евниев, Асхат Асылбеков, Көгершін Жамықанова, Дәурен Мұхамеджанов және т.б. қатысты, деп хабарлады партияның баспасөз қызметінен.

ҚДП баспасөз қызметінің хабарлауынша, "Ақ жол" ҚДП өкілдері азаматтардың әл-ауқаты мен Қазақстан халқының өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған шараларға ерекше назар аударды. Жиналған ұжымның басым бөлігін партияның жаңа туған нәрестелер үшін жинақтау жүйесін құруға қол жеткізу бастамасы қызықтырды. "Ақ жол" партиясы дүниеге жаңа келген әрбір сәбиге республиканың ұлттық қорының инвестициялық кірісінен қаржы бөлуді ұсынып отыр".

"Жыл сайын Қазақстанда орташа есеппен 350 мың бала дүниеге келеді", - деп мәлім етті кездесу барысында Б. Нұрмұхамедов.

"Олардың әрқайсысына 3000 АҚШ долларынан аударса, шамамен 1 млн АҚШ долларын құрайды. Бір қарағанда аталмыш сома қомақты болып көрінеді, бірақ Ұлттық қордан ел бюджетіне жыл сайын 8 млрд АҚШ доллары бөлінеді. Осы қаржының бір бөлігін "келешек қорына" бөлу аса қиындық тудырмасы анық",- деп атап өтті ол.

Жұмыссыздықты деңгейін төмендету - "Ақ жол" ҚДП сайлауалды тұғырнамасының негізгі бағыттарының тағы бір маңызды бөлігі. Олардың айтуынша, ШОБ дамытуға ынталандыру және өзіндік, қазақстандық өнім өндіретін жаңа кәсіпорындар құру осы мақсатқа қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Осыған байланысты өз жұмысшыларына қолайлы еңбек жағдайын жасап отырған АЭМЗ қызметі жоғары баға алды.

"Ақжолдықтар" бұған қол жеткізу үшін кәсіпорындарға салынатын сараланған салық мөлшерлемесін енгізуді жоспарлап отыр. Яғни, бюджетке төленетін салық аталмыш саланың тиімділілігіне қарай өзгеріп отырады. Мысалы, ауылшаруашылығы үшін салық мөлшерлемесі 0 пайызды құрауға тиіс.

"Сонымен қатар, "Ақ жол" ҚДП-ның қол жетімді медициналық көмек пен білім сапасын көтеру жөніндегі ұсынысы да кездесу тараптарын бейжай қалдырған жоқ. Гранттар санын өсіру, ЖОО аяқтағаннан кейін кепілді жұмысқа орналастыру, денсаулық сақтау жүйесін дамытуға жұмсалатын бюджет қаржысын өсіру, медицина саласындағы қызметкерлердің жалақысын кезең-кезеңмен өсіру - партияның алдағы сайлауға барар ұстанымы. Партия басқалардан өзгешелігі, өз жұмысын сөзбен емес, іспен дәлелдеуі",- деп атап өтті баспасөз қызметінен.

Партиядықтар кездесу соңында еңбек ұжымына өздерінің азаматтық ұстанымын көрсетіп, 15-қаңтар күні сайлауға келуге шақырды.

"Ақ жол" ҚДП еліміздегі үлкен партиялық ұйымдардың қатарына жатады және де еліміздегі жетекші партиялардың бірі болып табылады. Бүгінде ҚДП қатарында 200 мыңнан астам адам бар, деп хабарлады ҚДП.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны