13.10.2009, 18:12 3577

Қазақстандағы екі саяси партия бірігетінін жария етті

Қазақстандағы екі саяси партия бірігетінін жария етті

Алматы. 13 қазан. Kazakhstan Today - Қазақстандағы "Азат" демократиялық партиясы мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партия бірігетінін жария етті. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында саяси партиялардың өкілдері мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

"Біз "Азат" демократиялық партиясы мен Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Қазақстанның жалпыұлттық "Азат" социал-демократиялық партиясы деген атаумен бірігетінін жариялаймыз", - делінген бірлескен мәлімдемеде.

"Азат" партиясының өкілі Петр Своиктың айтуынша, жаңа саяси бірлестік қайта тіркелмейді, тек қана "есептік тіркеуден" өтеді. "Біз заңдық тұрғыда Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясының базасында бірігеміз", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны