08.12.2006, 17:01 2762

Қазақстандағы ЕҚЫҰ елшісі Қазақстан жуық арада БҰҰ-ның жемқорлыққа қарсы Конвенциясына қосылады деген сенімде

АЛМАТЫ. 8 желтоқсан. Kazakhstan Today. Еуропадағы өауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымының еліміздегі елшісі Ивар Викки Қазақстан жуық арада БҰҰ-ның жемқорлыққа қарсы Конвенциясына қосылады деген сенімде. Бұл жөнінде елші халықаралық жемқорлыққа қарсы күрес күніне байланысты өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Ел үшін жемқорлықпен күресте конвенцияға сәйкес келетін халықаралық құралдар мен басқада заң актілері үлкен көмек болады. Ең әуелі, менің айтып отырғаным, БҰҰ-ның жемқорлықпен күрес конвенциясы мен оның алдын алу шаралары болмақ. Біз Қазақстан жуық арада осы құжатқа қосылады деген сенімдеміз",-деп атап өтті И.Викки.

Оның айтуынша, БҰҰ жемқорлықпен күрес Конвенциясы "сыбайлас жемқорлықтың арқасында заңсыз алынған активтерді қайтаруға мүмкіндік береді және осы активтерді қайтару барысында халықаралық ынтымақтастық аясын кеңейтеді".

БҰҰ мемлекеттік басқару реформалары жөніндегі үйлестірушісі Наталья Максимчуктың пікірінше, "конвенцияның ең басты жетістігі - елге жемқорлық арқылы алынған қаражатты қайтару туралы ережесі".

БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімі бойынша 9- желтоқсан - жемқорлыққа қарсы күрес күні боп белгіленген. 2003 жылы осы күні Мексиканың Мерида қаласында БҰҰ сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Конвенциясына қол қойылды. Баспасөз мәслихатына қатысушылардың мәліметінше, 2006 жылдың 6 желтоқсанындағы жағдай бойынша бұл құжатқа 140 ел қол қойып, 80 ел бекіткен.

Осыған дейін айтылғандай, конвенцияның құрамына жемқорлық қылмысының 28 түрі енгізілген. Оның көбісі ҚР Қылмыстық кодексінде көрініс таппаған, сол себепті Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне бұл баптарды тікелей көшіріп алуға мүмкіндік бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны