25.07.2007, 17:20 3126

Қазақстандағы сайлау алдындағы науқан ашық әрі жариялы өткізілуде - ТМД байқаушыларының миссиясы

АСТАНА. 25 шілде. Kazakhstan Today. Қазақстандағы сайлау алдындағы науқан ашық әрі жариялы өткізілуде. ТМД байқаушылары миссиясының осындай бағасын миссия штабының жетекшісі Евгений Слобода жеткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі. "Басталған сайлау науқаны ашық, жариялы өткізілуде деп санауға негізіміз бар", - деді ол.

АСТАНА. 25 шілде. Kazakhstan Today. Қазақстандағы сайлау алдындағы науқан ашық әрі жариялы өткізілуде. ТМД байқаушылары миссиясының осындай бағасын миссия штабының жетекшісі Евгений Слобода жеткізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Басталған сайлау науқаны ашық, жариялы өткізілуде деп санауға негізіміз бар", - деді ол.

Е. Слободаның айтуынша, миссия штабының өкілдері қазіргі жағдаймен Астананың, Ақмола және Павлодар облыстарының бірқатар аудандық сайлау комиссияларының жұмысымен танысып үлгерді. "Алдын-ала тұжырымға сәйкес, сайлау науқанына дайындық және оны өткізуге құзыретті жергілікті органдар сайлаудың ашық әрі жариялы өткізілуі үшін барын салуда", - деді Е. Слобода. Ол сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясының жұмысының ашықтығына тоқталып өтті. "Изірге біз күрделі заң бұзушылықтарды байқаған жоқпыз", - деді штаб бастығы.

Бұған қоса, Е. Слободаның хабарлағанындай, қазірде миссия Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасына ТМД кеңістігіндегі демократиялық сайлау стандартттары жөніндегі конвенцияға сәйкестігі тұрғысынан салыстырма талдау жасауда. Оның айтуынша, талдаудың алғашқы қорытындысы бір аптадан кейін жария етіледі.

Е. Слободанң айтуынша, тұтастай алғанда, Қазақстандағы парламент мәжілісі депутаттарының сайлауына "ТМД миссиясынан 400-ден кем емес байқаушы" жұмыс істемек. "Бүгінгі жағдаймен миссия 300 байқаушыны аккредитациялауға өтініш берді, олар ТМД-ға қатысушы барлық елдердің дерлік заң шығарушы, атқарушы және басқа да билік органдарының өкілдері болып табылады", - деп нақтылады ол.

Бұған қоса, штаб бастығының айтуынша, миссия құрамында ТМД Парламентаралық ассамблеясының, Беларусь пен Ресей одағының Парламенттік жиынының депутаттары да болмақ. Байқау барысында миссия штабының алты бөлімшесін ашу межеленген, олар Алматы, Шымкент, Қарағанды, Атырау, Астана және Өскемен қалаларында жұмыс істейді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны