08.10.2008, 16:08 2922

Қазақстандағы Швейцария елшісі екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді қолдайды

Қазақстандағы Швейцария елшісі екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді қолдайды

Астана. 8 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Швейцария Конфедерациясының Қазақстандағы бірінші төтңнше және өкілетті елшісі Штефан Неллен екі ел арасындағы экономикалық ынтымақтастықты кеңейтуді қолдайды. Бұл туралы ол бүгін Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сенім грамотасын тапсыру рәсімінен кейін мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Ш. Нелленнің айтуынша, Швейцария Қазақстанның халықаралық сахнадағы үлкен рөлін мойындайды. "Екі ел арасындағы қарым-қатынастың жоғары деңгейде дамығанын ескерген біздің үкімет Қазақстандағы елшілік ашу жөнінде шешім қабылдады", - деді ол.

Қазақстан президентінің рәсімде атап өткеніндей, Астанада Швейцария елшілігін ашу туралы шешім "Швейцария Конфедерациясымен арадағы ынтымақтастықтың жылдан жылға қарқын алып келе жатқанына дәлел болмақ". Қазақстан ТМД елдерінің арасында Швейцарияның Ресейден кейінгі екінші орындағы сауда әріптесі, деді президент.

"Илемдік саясаттың өзекті мәселелері бойынша ұстанымдар мен көзқарастарымыздың жақындығы екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты тереңдетуде берік негіз, қолайлы перспектива болып табылады", - деді Н. Назарбаев.

Ш. Неллен кейінгі жылдары Швейцарияның Македониядағы елшісі болған, сондай-ақ, Женевадағы миналарды жою жөніндегі гуманитарлық орталықты басқарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны