22.10.2007, 18:26 2810

Қазақстандық делегация Дүниежүзілік банк пен Халықаралық Валюта Қоры басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы мәжілісіне қатысты

Қазақстандық делегация Дүниежүзілік банк пен Халықаралық Валюта Қоры басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы мәжілісіне қатысты

Астана. 22 қазан. "Қазақстан Бүгін" - 19-22 қазанда ҚР Ұлттық банкінің төрағасы Инуар Сәйденов басқарған қазақстандық делегация Дүниежүзілік банк пен Халықаралық Валюта Қоры басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы мәжілісіне қатысады, деп хабарлайды агенттік ҚР СІМ-іне сілтеме жасап.

Мәжілістің негізгі күн тәртібіне Дүниежүзілік банк тобы қызметінің стратегиялық бағыттарын, жаһандық экономика мен қаржылық рыноктар даму мәселелерін, ХВҚ реформалар бағдарламасының орындалуын талқылау кіреді. ДБ дамуы жөніндегі комитет отырысы орталық іс-шара ретінде қарастырылады.

Қазақстандық делегацияның сапары шеңберінде, Қазақстанның АҚШ-тағы елшілігі Алматы қаласындағы Өңірлік қаржы орталығымен ынтымақтаса отырып Қазақстанның қаржылық секторының тұсаукесер рәсімін және қабылдау шарасын өткізеді. АҚШ-тың қаржылық және экономикалық құрылымдары алдында Алматыны өңірлік қаржылық орталық ретінде дамуының тұжырымдамасы ұсынылатын болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны