06.11.2012, 12:33 3285

Қазақстандық кәсіпорындар Беларуссияның ірі кәсіпорындарына 7,6 млн АҚШ долларының өнімін тасымалдайды

Минскідегі сауда миссиясының қорытындысы бойынша отандық өндірушілер Белоруссияға бірқатар өңделген экспорттық тауарлар жеткізуге келісім-шарт жасасты, деп хабарлайды "Kaznex Invest" Экспорт пен инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі.

Астана. 6-қараша. Kazakhstan Today - Қазақстандық кәсіпорындар Беларуссияның ірі кәсіпорындарына 7,6 млн АҚШ долларының өнімін тасымалдайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Минскідегі сауда миссиясының қорытындысы бойынша отандық өндірушілер Белоруссияға бірқатар өңделген экспорттық тауарлар жеткізуге келісім-шарт жасасты, деп хабарлайды "Kaznex Invest" Экспорт пен инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі.

"ҚР ИЖТМ "Kaznex Invest" Экспорт пен инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттігі ұйымдастырған Минскідегі сауда миссиясының қорытындысы бойынша отандық өндірушілер Белоруссияға бірқатар өңделген экспорттық тауарлар жеткізуге келісім-шарт жасасты. Миссия қорытындылары бойынша, алдын ала келісімдердің жалпы сомасы 7,6 млн АҚШ долларын құрайды", делінген агенттіктің хабарламасында.

Минскіде өз тауарларын көрсетуге қатысқан қазақстандық делегацияның құрамында химия, машина жасау, азық-түлік, құрылыс, ауыл шаруашылығы, тері өндірісі саласының өкілдері болды.

Алғашқылардың бірі болып ТМД-да диаметрі 3 м шыныпластика құбырын өндіретін астаналық "Amitech Astana" ЖШС кәсіпорыны келісімге қол қойды.Минскідегі сауда миссиясы кезінде компания "Стройбелпром" және "БелПрагма" компанияларымен 4 млн еуроға шарт жасасты.

Сондай-ақ, "Корона EXPORT" ЖШС Белоруссияға 1 млн АҚШ долларының макарон өнімдерін жеткізуге келісім жасады. Құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін "BIG-ELIT" ЖШС минскілік бірқатар компаниялармен 420 мың доллар көлеміндегі тауар жеткізуге ынтымақтасуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар, республиканың ірі кәсіпорны "Карагандарезинотехника" сапар нәтижесі бойынша "Гомельстекло" ААҚ тиеу таспасын жеткізуге қатысты тендеріне, ал Өскемен конденсат зауыты Минск автокөлік зауытының тендеріне қатысатын болады.

Экспорт және инвестициялар жөніндегі ұлттық агенттіктің хабарлауынша, Минск сапары барысында алматылық "Мұнайаспап" АҚ өнімдері үлкен қызығушылық тудырған. Басшылық Belarusian Oil Company", РУП ПО "Беларусьнефть", "Мозырьский НПЗ" ААҚ, "НАФТАН", "Внешсельхозснаб" АҚБ компанияларымен келіссөздер жүргізді.

Сауда миссиясы нәтижесінде Қазақстаннан Белорусь нарығына "Қуат ЛТД" компаниясы қой жүнін жеткізетін болады.

Сауда миссиясы бизнес-форум форматында өтіп, оған Қазақстан тауарларын сатып алуға қызығушылық таныстқан Белоруссияның елу шақты компаниялар қатысты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны