26.07.2012, 14:08 3212

Қазақстандық Омбудсмен мекемелерін нығайту және оның азаматтық қоғаммен өзара әрекеттестігі мәселелері талқыланды

ҚазАқпарат агенттігі ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, кездесу барысында тараптар Қазақстандағы адам құқықтары аясындағы мәселелер тобын талқылады және қазақстандық омбудсмен мекемесін одан әрі институционалдық бекемдеу және оның азаматтық қоғаммен әрекеттестігі жөніндегі бірқатар мәселелері бойынша пікір алысты.

Астана. 26-шілде. Kazakhstan Today - Бүгін Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың (Омбудсмен офисі) басшысы Вячеслав Калюжный Қазақстанға іссапармен келген Фридом Хаус (Freedom House) халықаралық құқық қорғау ұйымының президенті Дэвид Крамермен кездесті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігі ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл аппаратының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып хабарлауынша, кездесу барысында тараптар Қазақстандағы адам құқықтары аясындағы мәселелер тобын талқылады және қазақстандық омбудсмен мекемесін одан әрі институционалдық бекемдеу және оның азаматтық қоғаммен әрекеттестігі жөніндегі бірқатар мәселелері бойынша пікір алысты.

Крамер мырза адам құқықтары ахуалын объективтік көрінуді жасау үшін елдегі ұлттық құқық қорғаушы құрылым - Омбудсмен институтының пікіріне ерекше көңіл аударып, Қазақстан үшін мағыналы құқық қорғаушы мәселелерін көтерді.

Өз кезінде В. Калюжный Омбудсмен мен Фридом Хаустың Қазақстандағы өкілдігі арасындағы, әсіресе Омбудсмен жанындағы Азаптауға қарсы жұмыс тобы шеңберіндегі, сүбелі екі жақты ынтымақтастықты құрметпен бағалады. Осыған байланысты Азаптауға қарсы Ұлттық алдын алу механизмін құру мәселесі талқыланды.

Кездесу нәтижесінде тараптар адам құқықтары аясындағы ынтымақтастық пен диалогті далытуға ниетті екендерін көрсетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны