16.09.2008, 16:38 2783

Қазақстандық парламенттік делегация ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Торонтодағы күзгі отырысына қатысады

Қазақстандық парламенттік делегация ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясының Торонтодағы күзгі отырысына қатысады

Астана. 16 қыркүйек. ""Қазақстан Бүгін"" - Үстіміздегі жылдың 17-21 қыркүйек аралығында парламент сенатының төрағасы - ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы төрағасының орынбасары Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық парламенттік делегация Ассамблеяның Торонтода өтетін күзгі отырысына қатысады, деп хабарлайды агенттік тілшісі сенаттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, алда болатын сессияда қауіпсіздік, демократияны, сауданы дамыту, көші-қон үдерістері мен қоршаған ортаны қорғауды реттеуді қоса алғанда көптеген мәселелер бойынша пікір алмасулар болады. Оңтүстік Осетиядағы тұрақтылықты қамтамасыз етуге қатысты арнайы сессия ашылатын болады.

Сапар аясында Қ.Тоқаев Канада сенатының төрағасы Н.Кинселламен, ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясы Бюро мүшелерімен, Ассамблеяға қатысушы елдердің ұлттық делегациялары басшыларымен кездесетін болады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны